Ақтөбеде 41 жастағы жұмыссыз ер адам мас күйінде қызғаныштың жетегіне еріп, әйеліне пышақ жарақатын салғаны үшін сотталды, деп хабаралайды ozgeris.info «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сүйенсек, оқиға таңертең болған. Мас күйдегі ер адамның ашуы көршісінің тек халат киіп, әйелінің киімдері мен кілттерін әкеліп беруінен өршіген. Кейін белгілі болғандай, көрші олар түнде бірге бір бөтелке арақ ішкенін, содан соң әйелдің үйіне кетіп қалғанын айтқан. Ешқандай артық әрекет болмағанын да сотта растады.
Жанжал кезінде ер адам алдымен әйелінің бетінен ұрған. Қорыққан әйел асүйден пышақ алып шыққанымен, күйеуі оны қолынан жұлып алып, әйелінің ішіне сұғып алған. Жара ішкі ағзаларға тимегенімен, әйел ауруханаға жеткізілді.
Сотта айыпталушы жасаған ісіне өкініш білдіріп, әйелінен кешірім сұрады. Жәбірленуші де оған кешірім бергенін айтты. Дегенмен сот ер адамның бұрын бірнеше рет сотталғанын және қауіпті тұлға екенін ескеріп, оны оқшаулауда ұстау қажет деп тапты.
Сот үкімі бойынша ол 3 жыл 6 ай мерзімге ең жоғары қауіпсіздік режиміндегі колонияға жіберілді.
Ақтөбеде ер адам әйелін болмашы себеппен пышақтап тастаған
Фото: Pixabay
09.12.2025
1495
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026