– Ұшақ штаттық режимде қонды, алайда қонғаннан кейін әуе кемесінің алдыңғы жағындағы тіреуішінде мәселе пайда болды, – деп жазылған ресми хабарламада.Әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарғаны да белгілі болып отыр. Министрлік өкілі әуежайдың қазіргі уақытта ашық екенін және штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Азаматтық авиация комитеті бұл оқиғаның сағат 09:04-те болғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, ұшақ маркасы да ашық айтылды. Gulfstream жеке ұшағындағы ақау әуе кемесінің алдыңғы бөлігінен шыққан. Ол – ұшақ үшін өте маңызды қызмет атқаратын құрылғы. Яғни, әуе кемесінің жүруі мен ұшып-қонуының тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады. Комитет өкілдері ASG Business Aviation LLC әуе компаниясының G450 ұшағының штаттық режимде қонғанын айтады. Десе де, ұшақ экипажы шассидің тіреуішін басқаруда қиындықтарға кезіккен. Сондықтан да, әуежайдың сүйреткіш техникасы шақырылып, ұшақ тұрақ орнына жеткізілген.
Ақтауға қонған тағы бір әзербайжандық ұшақтан ақау табылды
30.12.2024
215
Абырой болғанда ұшақта жолаушылар болмаған, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әзербайжанның Баку қаласынан Ақтауға ұшып келген ұшақтан ақау табылды. Бұл жайтқа қатысты ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірген.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026