"Біздің ұсынысымызды қарау үшін әкімдік қызметкерлеріне бір ай уақыт берілді, осы мерзім өткеннен кейін олар бізге киіз үй бағасын анықтаған адамға қатысты қандай шаралар қабылдағаны туралы жазбаша жауап беруге міндетті. Іс-әрекеттер тәртіптік комиссияда қаралатын болады. Былайша айтқанда, жауапкерге қандай жаза тағайындалатынын қала басшылығы шешеді". Альберт Есмұрзаев, Ақтау қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры
Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 млн теңгеден сатып алмақ болған
21.03.2025
317
Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 миллион теңгеден сатып алмақ болған. Сөйткен олар барлығы 12 киіз үйге тапсырыс бермек болыпты. Алайда, шенділердің бұл ретте жолы болмады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Zakon.kz-ке сілтеп.
Алдымен әлеуметтік желіде мемлекеттік сатып алулар сайтынан алынған аталған факті жылдам тарап, қоғамның наразылығын туғызды. 12 киіз үйге әкімдік қызметкерлері 81 млн теңге жұмсамақ болған. Қадағалау органының қызметкерлері жекелей зерттеу жүргізіп, мұндай тауарды 6 млн 750 мың теңгеге емес, 1, 5 - 2 миллион теңгеден де сатып алуға болатынын анықтады, деп хабарлайды Astana.tv.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026