АҚШ тергеуі: Коронавирус табиғатта емес, зертханада пайда болған
03.12.2024
303
АҚШ конгрессмендері екі жылдық тергеуден кейін COVID-19 вирусының шығу тегі Уханьдағы зертханамен байланысты болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Бұл туралы ресми мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Америкалық заң шығарушылардың айтуынша, вирус биологиялық ерекшеліктерге ие, олар табиғатта әлі кездеспеген. Сонымен қатар, 2019 жылдың күзінде Ухань вирусология институтының бірнеше зерттеушісі ковидке ұқсас белгілермен сырқаттанғаны анықталды. Бұл жағдай COVID-19 алғаш рет тіркелгенге бірнеше ай бұрын орын алған.
АҚШ тергеу барысында жинақталған деректер вирустың табиғи жолмен емес, зертханадағы ақаулар салдарынан таралуы мүмкін екенін көрсетті. Алайда, Қытай үкіметі бұл теорияны үзілді-кесілді жоққа шығаруда.
Бұған дейін COVID-19-дың Уханьдағы жабайы жануарлар базарынан таралғаны туралы болжамдар жасалған еді. Бірақ жаңа деректер бұл нұсқаның сенімділігін төмендетуде.
Әлемдік қауымдастық COVID-19-дың нақты шығу тегін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Қытай тарапы зертханалық теорияны "негізсіз айыптау" деп атады және тергеу барысына қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Ақпарат tengrinews.kz сайтынан алынған.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026