АҚШ-та "Трамп пен Маск кет" деген митингтер ушығып барады
21.02.2025
291
Нью-Йоркта Дональд Трамп әкімшілігі мен Илон Маскқа қарсы наразылық акциялары өтті.
Шетел басылымдарының мәліметінше, акциялар штат астаналарында және Вашингтон, Сиэтл, Орландо, Бостон, Финикс сияқты ірі қалаларда өткен. Ұйымдастырушылар Трамп әкімшілігінің «антидемократиялық және заңсыз әрекеттеріне» қарсы екенін мәлімдеді. Кейбір наразылық білдірушілер қолдарында «Бұл менің президенттерімнің күні емес" және «Президенттер күнінде патшаларға жол жоқ» деген жазулары бар плакаттар ұстап шыққан.
AP агенттігінің мәліметінше, Демократиялық партияның мыңдаған жақтастары Масктың әрекеттеріне қарсы шығып жатыр. Оның басқаратын ведомствосы мемлекеттік аппаратты қысқартуды көздейді. Агенттіктің хабарлауынша, осы аптада АҚШ Конгресі ғимараттары мен Маск басқаратын Tesla автокомпаниясының дилерлік орталықтары маңында жүздеген наразылық акциялары жоспарланған.
Кәсіпкер Трамптың шешімімен DOGE агенттігінің басшысы болып тағайындалған. Алайда бұл ведомствоның мәртебесі, сондай-ақ Масктың ондағы рөлі әлі де талқылануда. ABC News телеарнасының хабарлауынша, бір америкалық шенеунік сотқа шағым түсіріп, Маск шын мәнінде DOGE-ді басқармайтынын, тек «арнайы мемлекеттік қызметкер» және президенттің аға кеңесшісі ретінде жұмыс істейтінін алға тартқан.
Жаңа америкалық көшбасшының инаугурациясынан кейін бұл құрылым АҚШ бюджетінің шығынын кең көлемде тексеруге кірісті. Жалпы алғанда, Маск елдің мемлекеттік шығындарын 2 трлн доллар қысқартуды жоспарлап отыр.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026