«Ақау орны анықталды, жөндеу бригадалары шұғыл түрде іске кірісті. Тұтынушыларды уақытша I-кезектегі тарату құбырына ауыстыру жүзеге асырылды. Бұл кезеңде жылу беру параметрлерінің уақытша төмендеуі мүмкін. Біз жағдайды барынша жылдам шешуге тырысып жатырмыз», — деп хабарлады «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС ресми парақшасында.Сонымен қатар, тұрғындарға тұрақты жылу беру үшін олар бірінші кезектегі жеткізуші құбырға қосылған. Кейінірек барлық жөндеу жұмыстарының аяқталғаны хабарланды. Қарағанды облысында жылыту маусымына қатысты мәселелер Сараньдағы даудан басталған болатын. Сол кезде әкім Ермағанбет Бөлекпаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісті бақылау жасамағаны үшін Мемлекет басшысынан сөгіс алған еді.
Апаттан арылмайтын жылу желісі: Қарағандылықтар "қатып" қалғандарын айтып, жаппай шағымдануда
16.01.2025
3566
Қарағанды жылу желілерінде ірі апат болды. Тұрғындар пәтерде отырып тоңғандарын айтып, жаппай шағымдануда, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Әлеуметтік желіде қарағандылықтардың пәтерлерінде тоңып жатқандығы туралы шағымдары пайда болды. Бірнеше ауданның радиаторларындағы қысым төмендеп кеткен.
Әкімшіліктің сөзіне сүйенсек, мәселені жою жұмыстары басталып кеткен. Жылу құбырларындағы қысымның төмендеуі Восток-5, Көгілдір тоғандар және Оңтүстік-Шығыс аудандарының бір бөлігінде, атап айтқанда Гүлдер ықшам ауданы, Мұқанов көшесі, және Таугүл шағын ауданында байқалды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026