"АЛМАТЫДАН ҚАРАЛЫ ХАБАР КЕЛДІ! ҚР халық артисі, ҚР мемлекеттік сыйлықтың иегері, атақты опера әншісі, профессор, режиссер, өмірдегі, өнердегі досым - ҒАФИЗ ЕСІМОВ өмірден озыпты. Марқұмның отбасына, туыс-туғандарына, достарына, шәкірттеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Жаның жәннәтта, топырағың торқа болсын! Бақұл бол, досым!", - деп жазды Facebook қолданушысы Аймұханбет Есенбеков.Айта кетейік, Ғафиз Есімов 1947 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы Соройченко ауылында туған. Опера әншісі (лирикалық баритон). 1975жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1973 жылдан Қазақ академикалық опера және балет театрының әншісі. Негізгі партиялары: Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында"), Думан (Е.Г. Брусиловскийдің "Дударайында"), Алпамыс (Е.Рахмадиевтің "Алпамысында"), Құрманғазы (Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың "Құрманғазысында"), Онегин (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегинінде"), Жермон (Дж. Вердидің "Травиатасында"), Дон Жуан (В.Моцарттың "Дән Жуанында"), т.б. Есімов қонцерттіқ-шығармашылық қызметімен де қазақтың халық әндерін, халық композиторларының әндерін және қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын насихаттауға үлес қосты. Гастрольдік сапармен МХР-да (1978), Германияда (1986, 1987), Румынияда (1984), Филиппинде (1983), Шри-Ланкада (1986) т. б. елдерде болды. К.Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауы (1975, Алматы) мен М.И. Глинқа атындағы бүкілодақтық әншілер байқауының (1977, Ташкент) лауреаты.
"Алматыдан қаралы хабар келді": Танымал әнші өмірден өтті (ВИДЕО)
13.11.2024
222
Танымал опера әншісі Ғафиз Есімов өмірден өтті. Бұл туралы марқұмның жақындары хабарлай бастады, - деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026