— Не істейсің? Ішінде адам бар. Айта алмаймын.Сол сәтте Кенсай зираты маңында бірнеше патруль көлігі байқалды. Бұл — танымал тұлғалар жерленген елге белгілі зират. Полиция «Орда» журналистерін ұстап, барлық түсірілім материалдарын дереу өшіруді талап еткен. Ал Алматы қалалық ПД бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермей отыр. Еске салайық, бірнеше күн бұрын «Орда» Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда екенін, ол «Совминкаға» алғашқы жұбайы Сәра Назарбаевамен қоштасу үшін келгенін хабарлаған еді. Ресми емес деректерге сүйенсек, Сара Алпысқызын өмірді ұстап тұрған аппараттан ажыратқан. Алайда оның қайтыс болғаны туралы әзірге ресми мәлімет жоқ.
Алматыда Назарбаевтар резиденциясы мен зират маңында күшейтілген күзет: не болып жатыр?
16.05.2025
640
⠀Алматыда бүгін таңертеңнен бастап Дулати көшесіндегі қозғалыс тоқтатылды. Әсіресе Тұңғыш Президент саябағының жоғарғы жағында орналасқан Назарбаевтар әулетінің резиденциясы маңында полицейлер әр 200 метр сайын тізбектеліп тұр, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі ORDA порталына сілтеп.
Резиденция жаққа көлік өткізілмейді, түсірілім жасауға мүлде тыйым салынған. Кешеден бері бұл аумақта арнайы қызмет өкілдері күзетіп жүрсе, бүгін олардың саны айтарлықтай артқан. Байланыс та нашарлап кеткен — сигнал әлсіреген.
«Орда» порталының журналисі резиденция жаққа бағыт алған катафалкке ұқсас көлікті байқап қалған. Тілшілер нысанға жақындамақ болғанда, күзетшілер дөрекі жауап қайтарған:
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026