Алматыда ағылшын тілі орталығы жабылып, 200-ден аса адам зардап шекті
16.05.2025
416
Алматы қаласында Next Level атты ағылшын тілі курсы ешқандай ескертусіз жабылып қалды. Курстың қызметіне жүгінген 200-ден астам адам ақшасын жоғалтып, оқусыз қалғанын айтуда. Олардың арасында бір айлық, алты айлық, тіпті бір жылдық оқу ақысын алдын ала төлегендер де бар. Алайда төленген қаражат қайтарылмаған, деп хабарлайды ozgeris.info.
Курс басшылығы жабылатыны туралы хабарламаны тек кеше түнде жолдаған. Осыдан кейін байланыс толық үзілген – телефон нөмірлері өшірілген, әлеуметтік желілердегі парақшалар жойылған. Мұғалімдер мен әкімшілік қызметкерлері де еңбекақыларын ала алмағанын жеткізді.
Курс қызметіне қатысты шағымданған азаматтар бұл жағдайды әдейі ұйымдастырылған алаяқтық деп бағалап отыр. Олар құқық қорғау органдарына ұжымдық түрде арыз түсіруге дайындалып жатыр.
Аталған орталыққа қатысты кәсіпкерлік деректер де белгілі. Next Level орталығы Қалдыбек Аманжол Саматұлына тиесілі «Қалдыбек А» жеке кәсіпкерлігі және Занджаниджад Бекзад Рүстемұлына тіркелген «Zanjani» жеке кәсіпкерлігімен байланысты болуы мүмкін.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026