Алматы облысында 16 жастағы қыздың моншада шомылып жатқан видеосы тарады
15.05.2025
493
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы, Ащыбұлақ ауылындағы «Достық» қоғамдық моншасында 16 жастағы қыз жуыну кезінде жасөспірімдер тобы жасырын бейнежазбаға түсіріп алған.
Видео душқа тікелей шығатын қабырғадағы тесіктен түсірілген. Кейін бұл жазба ауыл тұрғындары арасында тарап кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, болған жайтты видео тарағаннан кейін ғана білген. Қыздың сөзінше, күдіктілер су өшіп қалды деп алдаған.
Бейнежазбада жасөспірімдердің бірі ұсталған сәтте ювеналды полиция қызметкері басқа қатысушыларды шақыруды талап етіп, қатаң ескерту жасайды.
«Қалғандарын шақыр. Келмесе, өздеріңе қиын болады. Мен ойын ойнап отырған жоқпын», – дейді инспектор.
Қыздың анасы қызының қатты күйзеліске түскенін айтып, оның қазір үйден шықпай, тұйықталып қалғанын жеткізді.
Алматы облыстық полиция департаменті барлық қатысушы жасөспірімдердің анықталғанын және олармен профилактикалық жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Видео түсірген жасөспірім де ұсталды.
«Олардың ата-аналары балаларын дұрыс қадағаламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оқиға себептерін жою үшін әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға ұсыныс жолданды», – деді ведомство өкілдері.
https://smartnews.kz/news/19683-zhasospirimder-monshada-zhuynyp-zhatkan-kyzdy-zhasyryn-videoga-tusirip-auylga-taratkan
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026