"Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін". Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қызғанышы туралы айтты
18.11.2024
426
Отандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқын Төлепбергеннің қызғанышы туралы сыр шертті. Өнер иесі қызғаныш салдарынан жолдасы екеуінің арасында келіспеушіліктер болып тұратынын жасырмады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қатты қызғаншақ екенін "Өзіміз ғой" бағдарламасында айтты. Әнші бастапқыда оған сезімін дәлелдеу үшін барын салғанын алға тартты. Алайда уақыт өте келе қызғанышты қалыпты қабылдайтын болғанын жеткізді.
“Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шашыма ақ түсті. Екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап-еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осындай деп білемін. Қазір қарым-қатынас басқа деңгейге көтерілді", - деді Жұлдыз Өмірғали.
[embed]https://youtu.be/o4zEdxQ3FL4[/embed]
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026