Алаяқтық пен пара беру ісі: алматылық азаматқа 11 жыл түрме жазасы кесілді
20.05.2025
258
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Ол алаяқтық пен пара беруге итермелеу әрекеттері үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengri Auto сайтына сілтемемен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам кәсіпкерге мемлекеттік келісімшарт бойынша 30 пайыздық аванс төлемін қамтамасыз ету үшін БҚО әкімдігі қызметкерлеріне 50 миллион теңге көлемінде пара беруді ұсынған. Осылайша, ол кәсіпкерді қылмыстық әрекетке тартқан.
Аталған үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Сотталушының оған шағым түсіруге құқығы бар.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026