Аян Дүйсембаев: қызметтік тергеуден кейін жаңа тағайындауға дейінгі жол
19.05.2025
404
Полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев кезекті рет қоғам назарында – енді ол Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл — оның мансабындағы кезекті жоғары лауазым, дегенмен ол бұған дейін бірнеше даулы жағдайлармен есте қалған болатын деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
2025 жылдың ақпан айында Дүйсембаев Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді. Бұл ақпаратты министрліктің баспасөз хатшысы Талғат Уәли растады.
Алайда көпшілік оны 2019 жылдың мамыр айындағы атышулы бейнеролик арқылы таниды. Бейнежазбада генерал-майор атқа мініп, оны полиция формасындағы адамдар да қошеметтеп жатқан сәті көрсетілген. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, тіпті билік өкілдерінің де назарын аудартты.
Оқиғаға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі үн қатып, Ішкі істер министріне қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды. Артынша, сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президент әкімшілігіне Дүйсембаевты қызметінен босату туралы ұсыныс енгізді. 2019 жылдың 20 мамырында ол ресми түрде “қызметтік этиканы бұзғаны үшін” жұмыстан босатылды.
Бұған дейін де ол бірнеше рет БАҚ назарына іліккен. 2018 жылы Аян Дүйсембаев Минскі қаласындағы казинолардың бірінде түсірілген бейнежазбамен танылған еді. Сол кезде Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған ол ойын-сауық орнында болғанын түсіндіруге мәжбүр болды.
Алайда 2019 жылғы қызметінен босатылған соң да оның мансабы тоқтаған жоқ. Сол жылдың желтоқсанында ол Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың кеңесшісі болып тағайындалды. Кейін ТЖМ-да қызмет етті, енді қайтадан полиция саласына оралып отыр.
Аян Дүйсембаевтың өмір жолы – даулы жағдайлар мемлекеттік қызметтегі мансапқа әрқашан нүкте қоя бермейтінін көрсететін мысал.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026