"50 мың теңгеге оразаңды бұз": Блогер ауыз бекіткендерді азғырған
21.03.2025
252
Көшеде ауыз бекіткен азаматтарға ақша ұсынып, оразасын бұзуға шақырған видео желідегілерді ашуландырды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеп хабарлайды.
Видеода ер адам көшеде өткен-кеткенге ақша мен тамақ ұсынып, оразасын қаза қылуды сұрайды.
"Қазір аузыңды ашып, оразаңды бұзсаң, 50 мың теңге беремін. Оған қоса бургер сыйға аласын", – дейді блогер.
Видеодағы екі жігіттің бірі оразасын бұзудан бас тартса, екіншісі ойланбастан ауызын ашып жібереді.
Желі қолданушыларының басым бөлігі автордың бұл әрекетін құптамай, наразылық білдірді.
"Ақша берген адамның өзі кінә арқалады", "Басқа видео түсіруге болмайтын ба еді?! Оразаны мазақ еткендерің қалай?", "Оданша ауыз бекітсең 50 мың теңге беремін деп сауапқа кенелмедің бе?!", “Жоқшылықтан адам не істемейді”, “Олай адамның нәпсісімен ойнамаңыздар”, – дейді желі қолданушылары.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026