"Мәліметтерге сенсек, блогер 30 мың теңгеден сатылатын курстарын өткізіп, сатып алушылар арасында лотерея ұйымдастырған. Осы әрекеттердің нәтижесінде ол тек бір жағдайдың өзінде 1,5 миллиард теңге жинаған. Ал 300 миллион теңгеге үйді сыйлыққа берген. 1,2 миллиард теңгені өзіне қалдырған, бірақ ол сомадан салық төлемеген. Бір блогер 300 миллион теңгелік үйді ойнататынын жариялады. 50 мың адам оған 30 мың теңгеден жіберді. Нәтижесінде, ол 1,5 миллиард теңге жинады. Оның 300 миллионын үйге жұмсады, ал қалған 1,2 миллиардын өзіне қалдырды. Бірақ ол осы 1,2 миллиард теңгеге есеп берген жоқ. Қазір оған хабарлама жіберілді, оның қалай жауап беретініне қараймыз. Егер ол 1,2 миллиард теңгеден салық төлесе, бұл мәселе жабылады. Бірақ егер ол келіспей, төлеуден бас тартса, онда ол тәуекелдерді басқару жүйесіне түседі. Сол кезде оған салықтық тексеру тағайындалып, барлық банктік шоттарынан осы аударылған қаражаттар туралы ақпарат сұратылады", – деді Дина Құсайынова.Дина Құсайынова тексеруден кейін 1,5 миллиард теңгеден де көп сома анықталуы мүмкін деп ойлап отыр.
"50 мың адам 30 мың теңгеден жіберген": Үйін ойнатқан блогер 1,2 миллиардтың есебін бермеген
28.02.2025
301
Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова BIZDIÑ ORTA подкасында салық төлеуге міндетті блогер туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Сарапшының сөзінше, белгілі блогерлердің бірі курстан 1,5 миллиард теңге жинап, ал 300 миллион теңгеге үйді сыйлыққа берген
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026