1 ақпаннан бастап Қазақстанда автогаз қымбаттайды
30.01.2025
290
1 ақпаннан бастап жанармай құю бекеттерінде сатылатын газдың шекті бағасы көтеріледі. Бір литрінің бағасы өңірге байланысты - 65-107 теңге аралығында болады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қазақстандықтар көлігін бензин немесе дизель отынына қарағанда арзан деп газбен оталатындай етіп қайта жабдықтағанды жөн көреді.
Алайда алдағы айдан бастап газ да қымбаттайды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі автокөлік газының бөлшек саудадағы шекті бағасын көтеру туралы бұйрық жариялады.
Қазір автогаз өңірге байланысты 54 теңгеден 94 теңгеге дейін саудаланса, 1 ақпаннан бастап литрі 65-107 теңге аралығында болады. Автогаздың бағасы облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам қашықтықта жатқан кейбір аудандарда литріне 107 теңге деп белгіленді. Алматы мен Астанада шекті баға - 102 теңге, ал Шымкентте 90 теңге болып бекітілді.
Ең арзан автогаз Маңғыстау облысында, шалғай аудандарды есепке алмағанда онда төменгі шекті баға небәрі - 65 теңге.
Бұған дейін үкімет өкілдері елдегі автогаз құнын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Қазақстанда газға ауыстырылған көліктерге міндетті түрде таңбалау талабы қойылған. Мұндай көліктерді жерасты тұрақтарына қоюға болмайды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026