ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан утилалым мәселесіне қатысты пікірін айтты.
Оның айтуынша, қазір әртүрлі адамдар саналы түрде өз еліне, өз өнеркәсібіне қарсы жұмыс істеп жатыр.
«Шынында да, мәселе тым саясиланып кетті. Өңдеу өнеркәсібі – кез келген елдің экономикасының негізі. Олар қоғамдық пікірге манипуляция жасауға тырысуда», – деді Скляр.
Ол утилалымның бас бенефициары кім екенін анықтауға кеңес берді.
«Дайын көліктерді әкелетін импорттаушылардың салықтарды оңтайландыруға көптеген мүмкіндіктері бар. Олар 2-3-4 делдалды қоя алады: дилер, дистрибьютор және т. б. Осылайша, автокөлік біз бақылай алмайтын бағамен келеді.
Дилерлік орталықтар бар, онда автоөндірушілердің өздері қандай да бір шығындарға қарамастан баға белгілеп, былай дейді: Қазақстанда бұл автомобильдің құны $10 мың, көрші елде – $11 мың, басқасында — $9 мың болуы тиіс. Машина жиынтығы біздің автомобиль құрастыру зауытына келгенде, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға сәйкес және «Өнеркәсіптік құрастыру туралы» келісімшартқа сәйкес баға ашық, делдалдар жоқ», – деді ол.
Сондай-ақ ол ілеспе өндірістер құрылып жатқанын атап өтті.
«Утильалымына келетін болсақ, бұл – негізінен жанама салық. Еліміз ДСҰ-ға кіргенге дейін кедендік баж салығы бір көлікке 30%-ды құрады. Барлығымыз сатып алдық, ешкім ренжіген жоқ, бұл ақша бюджетке түсті. ДСҰ-ға кіру арқылы біз өзімізге міндеттемелер алып, өз нарығымызды аштық – кедендік баж салығы 15%-ды құрады. Дегенмен, көлік шығаратын және кәдеге жарату алымын енгізген Ресей Федерациясымен және Беларусьпен Біртұтас экономикалық кеңістікте бола отырып, біз бұдан қалыс қала алмаймыз. Олар кәдеге жарату алымын енгізді, біз де осы 15%-ға утильалымын енгіздік» – деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, қазір бізде утильалым Ресей Федерациясына қарағанда 3 есе төмен.
«Егер Өзбекстанды алатын болсақ, онда утилизациялық алымнан басқа 100%-дан астам кедендік баж салығы бар. Өзбекстанның өз нарығын қорғау шаралары біздікінен әлдеқайда ауқымды. Мәселен, машина жинағын әкеле отырып, олар 1 млн теңге утильалымын төлейді, сатылғаннан кейін «Жасыл дамуға» тиісті құжаттарды береді және осы миллионды қайтарып алады. Экологиялық кодекске сәйкес «Жасыл даму» тілімен айтсақ, бұл автоөндірушілерді ынталандыру деп аталады. Өнеркәсіпті дамытудың қарсыластары «субсидиялау» дейді. Бұл негізінен ақшаны қайтару», – деді вице-премьер.
Ол Өнеркәсіп өсімінің бенефициары әрбір азамат екенін атап өтті.
ПІКІР ЖАЗУ