Жаңалықтар

Қазақстан – Орталық Азиядағы өмір сапасы ең жоғары ел

CEOWORLD Magazine жариялаған зерттеу нәтижесінде Қазақстан Human Progress Index (HPI) бойынша әлем елдерінің арасында 70-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш Қазақстанды Орталық Азияда өмір сүру деңгейі жағынан алдыңғы орынға шығарды, деп хабарлайды ozgeris.info. Зерттеу 250 мыңнан астам адамның пікіріне сүйене отырып жасалған. Алдыңғы орындарға Швейцария, Норвегия және Исландия жайғасқан. Қазақстан посткеңестік елдер арасында Балтық елдері (Эстония – 33, Литва – 39, Латвия – 41) мен Ресейден (59) кейін тұр. Алайда Қазақстан көптеген бұрынғы КСРО елдерінен (78–128-орындар) едәуір алда. Орталық Азия елдерімен салыстырғанда, Қазақстанның артықшылығы айқын байқалады: Түрікменстан (96), Өзбекстан (108), Қырғызстан (119) және Тәжікстан (128) елдері біздің мемлекеттен едәуір төмен көрсеткішке ие.
Барлық жаңалық