Отандық әнші Ерке Есмахан ерекше әшекей ойлап тапқанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі қыз-келіншектерге арналған бұйымның сатылымға шыққанын хабарлады.
“Мен сіздер үшін үлгімін. Мен бірден Ерке Асмахан болып кеткенім жоқ. Жетістіктерімнің ешбірі оңай келген жоқ. Ауылда, қарапайым отбасында туып-өстім. Алла берген талантымның арқасында өнерге келдім. Жеке өмірімнің әртүрлі сынақтан өткенін білесіздер. Бірінші некем сәтсіз болып, “ажырасқан қыз” атандым. “Жалғызбасты ана” болдым. Өмірімде баланс болмады. Ақша болса әйел бақыты болмады. Сол кездегі менің көңіл күйімді сипаттайтын –Ерке-Сотуар! Бүгін көптен бері айтып жүрген туындымды сіздерге таныстырамын! Ол – осы суретте көзге оттай басылып тұрған әшекей! Көздің жауын әдемілігімен алып тұр. Сұлулығымен қоса терең мазмұнды! Әр әйелдің бақытын құрайтын денсаулық, отбасы, сәби сүю, карьера, сұлулық және байлық — бәрі бірікті. Әдемі туынды дүниеге келді. Еркенің бренді сіздерге сәттілік алып келсін, бағы жұғысты болсын. Шын жүректен тіледім», – деп жазды әнші.
Өнер иесінің сөзінше, әшкей-бұйым терең мағынаға ие екен. Тіпті анадан қызына мұра боп қалатын құндылығы жоғары зат көрінеді.
«Негізі бұл туындымды жолдасым екеуміз тек өзіме деп ойластырып жүрдік. Қолыма білезік етіп таққым келді немесе сақина мен сырға жасағым келді. Бірақ жүрек ұстағым кеп, сотуар еттім. Идея өзімдікі. Әр бөлшегі ақ ниетіммен жүзеге асты. Сосын уақыт өте ой келді: өз жеке басымды ғана ойламай, осы бұйымды неге әр қазақ қызына «жұғысты болсын» деп ұсынбасқа», – деді Ерке Есмахан.
ПІКІР ЖАЗУ