Шикізатқа тәуелділіктен құтылу: Өңдеу өнеркәсібіндегі серпіліс
Қазіргі таңда қара алтынның экономиканы алға сүйрейтін жалғыз күш емес екені айқын болды. Сондықтан үкімет елдің шаруашылық құрылымын түбегейлі өзгертуге көшті. Негізгі басымдық өңдеу саласы мен логистикаға беріліп отыр. Осы бағыттағы жұмыстардың алғашқы нәтижесі де жаман емес. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім 3 пайызға өсті. Әсіресе құрылыс, көлік, сауда және байланыс салаларында айтарлықтай ілгерілеу бар.
11:31, 14 сәуір 2026