ҚФФ ҚПЛ-дің бірнеше клубына айыппұл салды
Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіптік және әдеп комитеті Премьер-лиганың 25 және 26-турларындағы матчтарда тіркелген заңбұзушылықтарға байланысты бірқатар клубқа айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Командалар жанкүйерлердің тәртіпсіздігі, ойынның кеш басталуы және ұйымдастыру талаптарының бұзылуы үшін жауапқа тартылды.
14:04, 13 қазан 2026