Өзбекстанды басып оздық: Қазақстан өнеркәсібінде не өзгерді?
Көп жылдан бері Орталық Азиядағы өндіріс жарысында Өзбекстан алда жүретін. Әсіресе өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны жөнінен көрші елдің көрсеткіші жоғары болатын. Бірақ биыл жағдай өзгерді. 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің өсімі жағынан Өзбекстаннан озып шықты. Бір қарағанда бұл жай ғана статистика сияқты көрінуі мүмкін. Алайда сарапшылар мұны ел экономикасындағы терең өзгерістердің белгісі деп бағалайды, деп жазады Ozgeris.info.
18:04, 17 маусым 2026