Неке келісімінің пайдасы неде?
Қазір отбасын құрып жатқан жұптар арасында неке келісімін жасау көбейіп келеді. Бұрын мұндай құжатты тек ажырасу алдында ғана ойлайтындар бар еді, ал қазір үй алу кезінде де, бірнеше жыл некеде тұрған соң да рәсімдей береді. Заңгер Алмаз Отаровтың айтуынша, себебі неке келісімі ерлі-зайыпты адамдардың қаржысы мен мүлкіне тәртіп орнатып, ертең дау шықпас үшін алдын ала жасалатын қадам, деп жазады Ozgeris.info.
19:28, 11 желтоқсан 2025