«15 жылға сотталасыңдар!»: Ресейге жұмысқа кеткендердің қалай соғысқа тап болғаны туралы толығырақ
Жоғары жалақы, тегін баспана, тамақ және күзетші жұмысы... Ресейге табыс табуға кеткен қазақстандық жастарға бастапқыда осындай шарттар ұсынылған. Бірақ олардың туыстарының айтуынша, жұмыс іздеп барған жігіттердің бір бөлігі кейін әскери комиссариаттан бір-ақ шығып, өздері толық түсінбеген құжаттарға қол қойған. Артынша оларға Ресей Қорғаныс министрлігімен әскери келісімшарт жасалғаны айтылып, соғыс аймағына жіберу басталған.
18:16, 06 қазан 2026