Қазақ сегментіндегі әлеуметтік желі қолданушылары ерлер киімін сататын бутиктердің бірінің жарнамасына жаппай шағымдануда деп жазады Оzgeris.info сайты NewTimes.kz сайтына сілтемемен. Даудың туындауына Threads платформасында жарияланған бейнеролик себеп болған. Онда тауарлар көрсетіліп, астына «зорлау құрбандарында болған киімдер» деген жазба қалдырылған.
Аталған жазба желі қолданушыларының қатты наразылығын тудырды. Көпшілік бұл жарнаманы этикаға қайшы әрі адам шошытатын әрекет деп бағалап, жыныстық зорлық-зомбылық тақырыбын коммерциялық мақсатта пайдалануды орынсыз деп есептейді.
Пікір білдірушілер мұндай сезімтал әрі ауыр тақырыпты жарнама құралына айналдыру қоғамға зиян екенін айтып, аккаунтқа жаппай шағым түсіріп жатыр. Қазіргі таңда аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамдық резонансқа айналды.