🌐 Әлем

Зеленский мен Трамп соғысты тоқтату жолдарын талқылады

Зеленский мен Трамп соғысты тоқтату жолдарын талқылады

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғыс жағдайына байланысты ашық әрі мазмұнды диалог жүргізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ozgeris.info сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Зеленскийдің айтуынша, тараптар Украинаға қолдау көрсету мен бейбітшілікті орнатуға бағытталған ықпалдастықты жалғастыруға ниетті екенін білдірген.

 

«Мен Дональд Трамппен сөйлестім. Әңгімеміз өте жылы әрі мазмұнды болды. Украинаға қолдау көрсетіп, адам өлімін тоқтатуға және ұзақмерзімді әрі әділ бейбітшілікке жету жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдіргені үшін ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Зеленский өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Сондай-ақ Украина президенті Трамптың НАТО Бас хатшысымен кездесуі жөнінде жариялаған ақпаратын да атап өтті.

 

«Біз бейбітшілікке жету үшін барынша нәтижелі әрекет етуге дайынбыз. Телефон арқылы тұрақты байланыста болуға және алдағы қадамдарды үйлестіруге уағдаластық. Президент мырзаға және Америка халқына алғыс айтамын!» – деді Зеленский.

Барлық жаңалық