Вице-президент Ерлан Қарин Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шешімдерді іске асыру шаралары, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мәселелері талқыланған кеңес өткізді, деп жазады Ozgeris.info.
"Маңғыстауда болған қайғылы жағдайға байланысты мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар мен шешімдерді жүзеге асыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды", – деді ол.
Айта кетейік, Каспийдегі қайғылы оқиға 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болды. Ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңіз ағызып әкетті.
27 қыркүйекте Каспийдегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан 14 сарбаз мемлекеттік наградалармен марапатталды.