Актёр Шәріп Серік отандық кино өнеріне қайта қосылуы әбден мүмкін. Бұл жаңалықты блогер әрі актриса Әсел Асқар абайсызда көпшілікке жария етті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қазіргі таңда Әсел "Кинопоиск" платформасына арналған "Барахолка" атты жаңа сериалдың түсіріліміне қатысып жүр. Түсірілім алаңында ол желідегі парақшасына қысқаша бейнежазба түсіреді. Сол сәтте актриса продюсерден Шаконың қайда екенін сұрайды. Жоба жетекшісі актёрдің осы туындыға қатысатынын еш іркілместен растады. Осылайша өнер иесінің түсірілім алаңына оралатыны белгілі болды.
Осыдан біраз уақыт бұрын актёр үлкен дауға қалған еді. 2025 жылдың сәуір айында Шәріптің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бөтеева оны тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады. Бұл оқиғадан кейін өнер иесі медиа кеңістіктен мүлдем жоғалып кетті. Ол ұзақ уақыт бойы жаңа жобаларда бой көрсеткен жоқ.
Байқауымызша бұл тыныштық кезеңі өз мәресіне жетті. Жақын арада көрермендер Шаконы қайтадан көгілдір экраннан көретін сыңайлы.