Шоу-бизнес

«Ұрып,шашынан сүйреді»: Маржан Арапбаеваны ұрып-соққан күйеуі қамауға алынды

«Ұрып,шашынан сүйреді»: Маржан Арапбаеваны ұрып-соққан күйеуі қамауға алынды

Астанада белгілі әнші Маржан Арапбаеваға қатысты тұрмыстық жанжал фактісі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Полиция оның азаматтық жұбайы Ербол Нұрмұханбетовке қатысты тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал кезінде ер адам әйеліне физикалық күш қолданып, оны ұрып-соғып, шашынан сүйреген. Оқиға түнгі уақытта қоғамдық орында болғаны хабарланды.

 

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ұсақ бұзақылық дерегімен Ербол Нұрмұханбетов 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, тұрғын үй ауласында болған жанжал кезінде азаматтық некедегі жұбайына қатысты күш қолданғаны анықталған.

 

Бұдан бөлек, дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қосымша арыз тіркеліп, қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.

 

Полицияның ресми хабарламасында:

 

«Қоғамдық орында балағат сөз қолданып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 43 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ азаматтық жұбайына қатысты күш қолданғаны анықталды», — делінген.

 

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін, қоғам тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейту туралы талаптар айтыла бастады. Желі қолданушылары мұндай әрекеттердің қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін жазуда.

Барлық жаңалық