Қоғам

«Үлкен шу болып кетті»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтан не күткенін ашып айтты

«Үлкен шу болып кетті»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтан не күткенін ашып айтты

Тұрсынбек ер азамат ретінде ел алдына шығып, осы жағдайды түсіндіретін адам еді. Бұл пікірді Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі журналист Жанар Байсемізге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Мөлдір Мұқанова отбасындағы келеңсіз жағдай туралы сыр шертіп, Қабатовпен екі жаққа кеткенін жеткізді.

"Мен отбасымда болып жатқан жағдайды сыртқа шығармайтын адаммын. Жақындарыма да тіс жармайтынмын. Бұлай шығып, айтам деп те ойламағанмын. Бірақ халық арасында үлкен шу болып кетті. Тұрсынбек ер азамат ретінде ел алдына шығып, осы жағдайды түсіндіретін адам еді. "Кесірі бала-шағама тиіп жатыр, неше жыл отасқан жұбайыма ауыр сөйлеп жатырсыздар. Мөлдірге тиіспеңіздерші" деген бірауыз сөз күттім. Себебі отбасымыздың екі жаққа кетуіне бірінші себепкер өзі болып тұр. Біздің заңды некеміз бұзылды. Өкінішке қарай, екеуміз екі жаққа кеттік", - деді Мұқанова.

Барлық жаңалық