Жаңалықтар

Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу жөнінде жобалық кеңсе құрылады

Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу жөнінде жобалық кеңсе құрылады

Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу және реттеуші ортаны жеңілдету жөніндегі жобалық кеңсе құрылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Оzgeris.info. 

"Жаңа Салық кодексін енгізу бойынша жұмыс тұрақты бақылауда. Кодекс қабылданған сәттен бастап жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық 20 өңірде 130 мыңға жуық бизнес өкілдерінің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды. 1 500-ге жуық сұрақ келіп түсті, олар бойынша түсініктемелер берілді. Тұрақты кері байланыс қамтамасыз етілп жатыр. Кодекске қол қойылған сәттен бастап 1 400-ге жуық өтініш, оның ішінде жыл басынан бері 205 өтініш келіп түсті", – деді Серік Жұманғарин.

Премьер-Министрдің орынбасары Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу және реттеуші ортаны жеңілдету жөніндегі жобалық кеңсе құрылатынын айтты.

Оның айтуынша, жобалық кеңсе бизнестің өтініштері шоғырланатын, келісілген шешімдер қабылданатын және мемлекеттің бірыңғай ұстанымы қалыптастырылатын бірыңғай үйлестіру нүктесіне айналады.

"Барлық сындарлы ұсыныстар мұқият қаралып, қорытындысы бойынша түзетулер енгізудің орындылығы мен қажеттілігі айқындалатын болады. Жобалық кеңсе Салық кодексінің жаңа нормаларына ешқандай қайшылықтар мен ақаусыз біркелкі, болжамды және келісілген түрде көшуді және реттеуші ортаны жеңілдетуді қамтамасыз етеді. Жоспарланған шаралар халқтың әл-ауқатының артуымен қатар жүретін одан әрі орнықты және сапалы өсу үшін негіз жасайды", – деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.

Барлық жаңалық