Қазақстан үкіметі 2027 жылы республикалық бюджет шығыстарын 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайдың жалпы отырысында 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстыру кезінде мәлімдеді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Министрдің айтуынша, 2028 жылы бюджет шығыстары 29,4 трлн теңге, ал 2029 жылы 29,6 трлн теңге болады деп болжанып отыр.
2027 жылы бюджет шығыстары жалпы ішкі өнімнің 15,1%-ын құрайды деп күтілсе, 2028 жылы бұл көрсеткіш 13,3%-ға, ал 2029 жылы 12,1%-ға дейін төмендейді.
Серік Жұманғариннің сөзінше, республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқыны бюджет қағидаларына сәйкес шектеледі. 2027–2029 жылдары шығыстардың өсу қарқыны 109,2–109,4% деңгейінде белгіленген.
Сонымен қатар үкімет республикалық бюджет тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуды жоспарлап отыр. 2027 жылы тапшылық жалпы ішкі өнімнің 2,3%-ын құраса, 2028 жылы 1%-ға, 2029 жылы 0,4%-ға дейін төмендейді деп болжануда.