Жаңалықтар

"Ұйықтап, үні өше бастапты": Желіде Депутат Дәулет Мұқаевтың ерсі әрекеті тарады (ВИДЕО)

"Ұйықтап, үні өше бастапты": Желіде Депутат Дәулет Мұқаевтың ерсі әрекеті тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде 13 қазанда өткен Үкімет сағатындағы Дәулет Мұқаевтың әрекеті қызу талқылануда, деп хабарлайды ozgeris.info

Кадрда оның ұйқысы келіп, шаршап отырғаны байқалады. Алайда Мұқаев бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Депутат бұл жағдайға қатысты өз парақшасында пікір білдірді:

"Айтайын, Үкімет отырысында әрең отырдым. Себебі біраз уақыттан бері белімде протрузия (L-5, L-6) бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, әлде "грыжаға" айналды ма — білмеймін, дәл қазір отырсам да, жатсам да белім қатты ауырып тұр. Үкімет сағатынан кейін ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын болмай, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың әсерімен әрең үйге жеттім. Мені сүйреп апарған көлік жүргізушісіне үлкен рақмет", – деді ол.

Алайда желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір білдірді:

"Сөйтіп құтыласындар", "Бұл кісі де Ринат құсап халқым халқым, бүйтем сөйтем деуші еді. Мінбеге жайған соң, үніңіз өшіпті ғо", "Кейде отырып та шаршайсың,одан да жүріп жұмыс жасаған жақсы деп қоямын", "Ұйқысы келіп отыр ғой", - деп жазды оқырмандар. 

 

Барлық жаңалық