Әлеуметтік желіде қазақстандық әйел Фариза Мырзабек танымал әнші әрі блогер Сабина Мовлаеваға бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол бұл қадамға күйеуінің Мовлаеваның билеген видеосын қызыға қарап қалғанын көргеннен кейін барғанын айтады.
Фаризаның айтуынша, хиджабтағы әйелдердің кірпік жабыстырып, ерін үлкейтіп, сәндене бастауына дәл осындай ашық образдағы видеолар әсер етеді.
«Әйел ретінде Сабинаға айтарым бар. “Орамалдағы қыздар неге боянады, еріндерін үлкейтеді?” деп таңғаласыздар. Себебі осындай видео түсіретін қыздардың ықпалы бар», – деді ол.
Ол тіпті Сабинаның видеосына тамсанатын ер адамдар арасында үйленгендер де бар екенін айтты.
«Тамақ істеп жатқанмын, күйеуім Сабинаның билеп жатқан видеосын тоқтатып қойып, қарап тұрды. Бұл маған ауыр тиді. Мен орамал тағамын Алладан қорыққаным үшін және күйеуімнің ақыретін ойлағандықтан таңдадым. “Ер адамның жасаған жақсылығы әйелі шашы ашық жүрсе қабыл болмайды” дегенді естіген соң орандым. Бірақ күйеуімнің сол видеоны көргеніне қатты ренжідім. Сабина бойдақ жігіттердің де, үйленгендердің де назарында жүргенін жақсы біледі», – деді ол.