Шоу-бизнес

"Үйінде лифті бар": 30 мың теңгеге курс сатқан блогер жаңа баспана алды (ВИДЕО)

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков су жаңа зәулім үйін көрсетті. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды. ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Депутатқа не жоқ?»: Көзбояушылық пен «мол табысты» уәде ететін инфосығандардың былықтары әшкере болды Айта кетейік, желі жұлдызы құны 300 миллион теңге тұратын пәтерін ұтысқа тігіп, атыраулық келіншекке сыйлаған еді.
“Жаңа қоныс. Бәріңізге жұғысты болсын”, – деп жазды блогер.
Көп ұзамай желі белсендісі достарын қонаққа шақырып, рум-тур жасады.
“Дархан мен Даридың үйіне қонаққа келіп жатырмыз. Үйдің ішінде лифт бар. Бірінші қабаттан лифтімен екінші қабатқа көтерілуге болады. Мұндай үйді бірінші рет көріп тұрмыз”, – деді блогер Разюша.
Желі қолданушылары блогердің зәулім үйін қызу талқылап жатыр. “Үйдің бағасы – 800 миллион теңге екен”, “Лифт қоя салу Дархан үшін сәнге айналды”, “Бір-бірлеріңді таппай адасып қаласыңдар”, “Бәріміз 30 мың теңгеге курсын сатып алдық”, “Әр қазақтың үлесі бар”, “Қызына үй мен көлік берді. Құдай бұған да еселеп берген шығар”, – деп жазды көпшілік. 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Darhan Zholshybekov (@darhanzholshybekov)

Барлық жаңалық