СҚО-ның Айыртау ауданында 40 жастағы еңгезердей еркек 13 жасар қыз баланы қинап ұстап, зорлағаны анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Криминальный Казахстан» мәліметінше, 1 шілде күні жасөспірім қыз бала дүкенге шығып кеткен. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны алдап, мотоцикліне отырғызып, ауылдан алыс жерге алып кеткен. Осыдан кейін қинап ұстап, арсыз әрекетін жасаған.
Мектеп оқушысын іздеу жұмысы түні бойы жүрген, тек таңғы 5-ке таман ауыл шетінен тапқан. Желідегі мәліметке сүйенсек, құқық қорғау қызметкерлері күдікті ер адамды қолға түсірді.
Жасалған қылмыстың ауырлығын ескерсек, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.