Бағдагүл емші желідегі парақшасында оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол келінімен арасы жақсы емес екенін меңзеген.
"Келінді ренжітіп алармын деп өзімнің тіктеу мінезімнен қорқып, үйге де бармай жүр едім. Анда-cанда сыйлы болып барайыншы деп. Тағдырдан қаша алмайды екенсің. Қанша жоқшылықта мойымадым", деп жазды ол.
Желі қолданушылары сынықшының келіні Ақылаймен сыйыспай жүргенін айтып, түрлі ақылдарын ортаға салды.