Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым желіде ашық-шашық образдағы суреттерін жүктеп, елдің жаппай сынының астында қалды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Актриса жартылай жалаңаш суреттерін желідегі парақшасына жүктеген.
Өнер иесі ешқандай жазба қалдырмаған. Десе де көпшілік оның бұл әрекетін қатаң сынға алып, сыни пікірлерін жаудырып жатыр.
"Дәл осындай ашық фотоларды миымыз қабылдай алмайды. Мен ұялып кеттім ғой айдалада отырып", "Қарақат Әбілдина мен Роза Рымбаеваға бас ию керек. Ашылмай, шашылмай-ақ өз беделін, отбасын, өнерін ұстап жүрген!", "Сізге жараспайды екен.. Қыздар, мың жерден фигура әдемі болса да біздің менталитетке жат", “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағын алған еді, соған лайықты болып тұр ма енді", "Жанында жүрген қайын сіңілсі Ашадан үлгі алса қайтеді екен", "Қасықтап жиған абыройын, шелектеп төге салды ғой", - деп жазды оқырмандар.