Қоғам

"Үй маңынан дыбыс шығатын": Атыраудағы қылмыс туралы көршілері жаға ұстатар жайт айтты

"Үй маңынан дыбыс шығатын": Атыраудағы қылмыс туралы көршілері жаға ұстатар жайт айтты

Мұны сотта марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы сөз етті. Оның сөзінше, көршілері ерлі-зайыптылар өлі табылған үй маңынан әртүрлі дыбыс шығатынын айтып, үрейленген, деп хабарлайды ozgeris.info сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Әдемі Шілмағамбетова бұл сөзін қанды қылмыс болған аумаққа қатысты айтып отыр.

– Айналадағылар үй маңынан түрлі дыбыс шығады деп қорқатын, – деді ол сотта.

Сот процесінде тараптар оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты түрлі деректі айтты. Куәгерлер мен жәбірленуші тараптың өкілдері өздеріне белгілі мәліметтерді айтып жатыр.

Жаза кеткен жөн, аталған іс қоғамда үлкен резонанс тудырды әрі шым-шытырық оқиғасымен кеңінен тарады.

Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиев Меккеге барып, күнәсі үшін кешірім сұрағанын айтқан еді. 

Барлық жаңалық