- Түлектер екі бірдей ҰБТ нәтижесімен грант байқауына қатыса алады.
- Педагогикалық мамандыққа баратын талапкерлердің шекті балы 75 тен басталады, олар арнайы тестілеуден өтеді.
- Көру қабілеті төмен оқушыларға берілген уақыттан 40 минутқа ұзартылады.
- ҰБТ тапсырушыны бақылау үшін бір емес, екі бірдей камера қойылып, биыл видеожазба мен қатар аудиожазба да жазылатын болады.
- Талапкер бірінші ҰБТ-да тыйым салынған затпен ұсталса, екінші сынаққа кіргізілмейді.
Биыл алтын белгі иегерлеріне арналған «Алгебра – қазақ тілінен тестілеу» атты жоба қарастырылды. Алайда министірліктің шешімімен ол жоба келер жылдан бастап жүзеге асырылады. Десе де, Алтын белгіні оқушылар ақтағаны дұрыс, олай болмаса, бұл іске мектеп әкімшілігі бәрібір де тікелей жауапты екенін назардан тыс қалдырмаған абзалСонымен қатар осы жылғы тестілеу бойынша, 54 мың түлек сынақ тестін тапсырып, оның 66% -ы шекті балл жинаған. Соңғы аптаның қорытындысы бойынша, ҰБТ-дағы ең көп тапсырылған пән математика-физика бейіндік пәні болды. Ол – 27 % -ды қамтып, биология-химияны таңдағандар – 17 %, шығармашылық емтихан тапсырушылар – 15% -ды құрады. Біз өз кезегімізде, талапкерлерге сәттілік тілей отырып, сынақтан сүрінбей өтуіне тілектеспіз!
Батталова Мақпал