Қоғам

Уәдесін орындады: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа 40 млн теңгенің көлігін сыйламақ

Уәдесін орындады: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа 40 млн теңгенің көлігін сыйламақ

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, автокөлік сыйлады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа Hyundai Palisade маркалы автокөлік тарту етті.

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі спортшының тарихи жеңісіне қатты қуанып, әлеуметтік желі арқылы арнайы бейнеқұттықтау жолдаған болатын. 

Онда Димаш Шайдоровты айтулы жетістігімен құттықтап, еліміздің абыройын асқақтатқан еңбегі үшін алғыс білдіріп, сыйлық жасайтынын айтқан еді.

Осылайша, әнші өз уәдесінде тұрып, Олимпиада чемпионына жаңа көлік табыстады. Бұл жанкүйерлер тарапынан зор қолдау тауып, желі қолданушылары Димаштың бұл әрекетін жоғары бағалап жатыр.

Барлық жаңалық