Әлеуметтік желілерде әнші Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаеваның қарым-қатынасына қатысты түрлі пікірлер тарауда деп жазады Оzgeris.info.
Желі қолданушылары тарапынан жарияланған видеолар мен фотосуреттер көпшіліктің назарын аударған.Кей кадрларда өнер иелерінің бір-біріне тым жақын жүргені байқалып, бұл көріністер көрермен арасында сұрақ тудырды. Кейбір желі қолданушылары:
«Күйеуі мен әйелі қалай қызғанбайды?», «Осы екеуі тек жабысып жүреді екен», «Ұят болды»,- деген пікірлер қалдыруда.
Олардың жұбайлары мұндай жақындыққа қалай қарайды деген пікір қалдырса, енді бірі араларында ерекше байланыс болуы мүмкін деген болжам айтуда.
Дегенмен аталған ақпаратқа қатысты Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаева әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.