Шоу-бизнес

"Тығылып отырған мен жоқ": Тұрсынбектің тоқалы өзін сынағандарға үн қатты (ФОТО)

"Тығылып отырған мен жоқ": Тұрсынбектің тоқалы өзін сынағандарға үн қатты (ФОТО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбектің тоқалы Айман екеуінің бірге түскен суретін алғаш рет жариялаған болатын, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Алайда оның бұл әрекеті қызу талқыға түсіп, көпшіліктің сынына ұшырады. 

«Салам десем сурет көп, бірақ өзімнің ғана емес, өзгенің де көңілін ойлаймын. Сендерден қорқып, тығылып отырған мен жоқ. Хейтерлер бұл сендерге арналады», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары келіншектің бұл пікірін асыра мақтану деп қабылдап, түрлі пікір қалдырған. 

"Өзіңізге көп алып кеттіңіз ғой", "Жұлдыздардан да жаман болдыңыз ғой", "Назар жетпей жатыр ма", "Мөлдір сияқты болса адам танымай кететін шығар", "Жұлдыздар бұлай тәкаппарланбайтын шығар", "Құстың ұясың бұзсаң да жауап бересің", - деп жазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық