Қоғам

Туыстары жындыханаға жатқызған бес баланың анасы сау болып шықты

Туыстары жындыханаға жатқызған бес баланың анасы сау болып шықты

Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы дәл қазіргі кезде дені сау деп анықтама берді.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2026 жылдың сәуір айына дейін бақылауда болатынын айтты.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бес баланың анасы Жұлдыз Тлеуф 9-22 қазан күндері аралығында Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында жатты. Орталықтан шыққан кезде дәрігерлер дін аман деп жазып берді.

— 2025 жылдың сәуір айында күйзеліске ұшыраған деп емдеу орнына жатқызылды. Яғни сол кезде күйзеліске ұшыраған. 2017 жылы дәл осындай жағдай болған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес пациент 2026 жылдың сәуір айына дейін бақылауында болады. Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы 9-22 қазан күндері бақылауда болған пациентке «осы сәтте дін аман» деп диагноз қойды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Барлық жаңалық