Қазақстанда таеквондо федерациясының негізін қалаушы, белгілі спорт қайраткері Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Қазақстанға қатысты жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыға келіп, туған жерінде жүрген сәттегі ерекше сезімін оқырмандарымен бөліскен. Неслихан Өзтүріктің жазбасынан оның Отанға деген сағынышы мен ішкі қуанышы анық сезіледі.
«Алматыдағы қонақүй бөлмемде айна алдында тұрып, бір сәтке демімді ішіме тарттым. Әлі де түс көріп тұрмын ба, әлде шынымен осындамын ба? Өз Отанымда. Қазақстанда. Жүрегім өзімнен бұрын күледі.Жүзімдегі бұл күлкі кездейсоқ емес. Бұл мен қазір жүрегімде ұстап тұрған сезім», — деп жазды ол.