Танымал әнші Мөлдір Мұқан Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың үйінде қонақта болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол жұлдызды жұптың келіндерінің "келін шайына" барған.
Өнер иелерінің үйіндегі кеште фортепиано мен гитараның құлағында ойнап, жұртты таң қалдырды.
Жазира Байырбекова қазақтың белгілі әндерін Мөлдірдің сүйемелдеуімен шыырқады.
"Бүгінгі менің концертмейстерім-Мөлдір Мұқан. Оның осындай бесаспап екенін білетін бе едіңіздер?", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары таңданыстарын жасырмай, түрлі пікір жазды.
"Тұрсынбекпен айырылмағанда, бұл шығармашылық өнерлерін ашылмай қалар ма еді", "Мөлдір мықты музыкант екен", "Қандай жан - жақты, өте пысық, талантты келіншек", "Өнер деген жатыр екен ғой,өнеріңіз өрлей берсін!", "Мөлдір тұнып-тұрған талант", "Мөлдірім соншама талантыңды тұншықтырып не болды саған?", "Недеген өнерлі, әрі сұлу әрі қылықты едіңіз. Таңғалдырудан шаршамайсыз", "Таланты Тұрсынбектің көленкесінде қалыпты", - деп жазды оқырмандар.