Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы Қытайға сапар шегемін деп үлкен қауіпке душар бола жаздағанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айман Талғатқызы жеке парақшасында көрші елдегі "Дельфин" тайфуны туралы жазған.
"Біз қосымша арқылы осыны алдын ала біліп, екі күн ертерек билетті ауыстырып кетіп қалдық", - деді ол.
Айта кетейік, Қытайдың шығысындағы бірқатар өңірде «Дельфин» тайфунына байланысты миллионнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Олардың қатарында Шанхай тұрғындары да бар.
Табиғи апат өңірдегі қалыпты тіршілікке айтарлықтай әсер етті. Толассыз жауған жаңбыр көлік қозғалысын қиындатып, Шанхай әуежайларында 1000-ға жуық рейс тоқтатылды.
Қазіргі уақытта «Дельфиннің» күші біртіндеп бәсеңдеп келеді.