Блогер Мөлдір Анарбаева әйелдерге үндеу жасап, отбасылық қарым-қатынастағы шектен шығатын әрекеттерді сынға алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі өмірге қызығып, күйеуін шектен тыс әуреге салатын әйелдер бар. Психологтардың кеңесін тыңдап, оны шектен шығарып қабылдайтындар да кездеседі. Блогер мұндай жағдай отбасындағы түсініспеушілікке әкеліп, тіпті ер азаматтардың қылмысқа баруына себеп болуы мүмкін екенін айтты.
«Ешкім саған шынын айтпайды, бәрі өтірік! Өзгенің ақылын ақшаға алғанды доғар! Миңа қонатын емін дұрысын алсаң жөн екен, ал адасып жүрген адамнан аулақ бол! Өз бағыңды құрметтемей, бақыт келмейді! Титтей сәтке қуанбағанға бақ жоқ! Есіңді жи! Байыңды біреудікімен салыстырма! Бағала! Қазақтың еркектерінің бәрі бірдей жалқау, жатыпішер, жалмауыз, қатыгез емес! Күндерін жоғалтпайық!Енеңнің бәрін жалмауыз қылуды доғарыңдар! Ұят болады! Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді! Қазақ екеніңді ұмытпа!» – деді ол.