Жаңалықтар

Түркістанда қарт әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға сотталды

Түркістанда қарт әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға сотталды

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әкесіне балағат сөздер айтып, ұрып-соққан ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады ozgeris.info.

16 қаңтарда, сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды:

110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – дәрменсіз күйдегі адамды азаптау;
107-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы – дәрменсіз жағдайда тұрған адамға орташа ауырлықтағы қасақана денсаулыққа зиян келтіру.

“Сот жеңіл жазаны ауыр жазамен алмастыру арқылы айыпталушыны орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті”, – деп үкімді оқыды судья.

Барлық жаңалық