Жаңалықтар

Түркістанда 3 полиция қызметкері 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Түркістанда 3 полиция қызметкері 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш бірдей полиция қызметкері 18 жастағы қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген ақпарат тарады. Аталған жағдайға байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме берді деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

ІІМ мәліметінше, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда оқиғаға бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген ақпарат жан-жақты тексеріліп жатыр.

 

Ведомство өкілдері атап өткендей, қызметтік тексеру нәтижесінде аталған үш қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен, яғни қызмет беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылған.

 

«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бұрынғы полиция қызметкерлерінің ықтимал қатысы досудебке дейінгі тергеп-тексеру аясында қағидатты құқықтық баға алады», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

 

Сондай-ақ, аталған қылмыстық істің тергелу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында екені атап өтілді

Барлық жаңалық